Қаржы мониторингі агенттігі Ақтауда салынып жатқан "Атамекен" ТК салымшыларының ақшасын иемденіп, мақсатсыз жұмсады деген күдікпен "Багис" ЖШС басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін 119 үлескерден 400 млн теңгеге жуық ақша алғаны анықталды", - деп хабарлады қаржылық бақылау агенттігінің өкілдері.
Қазіргі уақытта «Багис» ЖШС-нің басшысы "қамауда" отыр. Аталған іс бойынша да алда тергеу амалдары мен сот сараптамалары жүргізіледі.